Ғарышта да қоқыс бар

Аспан әлемiнде де «ғарыштық қоқыстар» (космический мусор) бар деп естiп едiм. Осы туралы жазсаңыздар.
Мәди ЕСКЕЛДИНОВ,
Орал қаласы
Жер шарының әр тұсында ғарышқа ұшырылып, кейiн апат болған ғарыш кемелерiнен қалған бөлшек-бөлшек қалдықтар көп. Ғарыш кемесiнiң сынықтар мен басқа да қалдықтары адам ағзасы мен қоршаған ортаға орасан зиян келтiредi.
Мұндай «күл-қоқыстар», әсiресе, Ресейдiң Алтай аймағы мен Қазақстанның Байқоңыр айлағы орналасқан Жезқазған аймағында көп кездеседi. Оларды арнайы мамандар жинап, залалсыздандырып тұрады. Ал сiз сұраған «ғарыштық қоқыстар» бiздiң атмосферамыздың арғы қабатында жерге түспей, кеңiстiкте ұшып жүредi. Бұл қоқыстар – негiзiнен, аспан әлемiнде жүрiп iстен шыққан жер серiктерi мен түрлi ғарыш кемелерiнiң жарылып, қирап-сынған бөлшектерi. Мысалы, ашық космос жағдайында ғарыш аппараттарына жөндеу жұмыстарын жүргiзгеннен кейiн жарамсыз болып қалған кiшкентай бұранданың өзi әуе кеңiстiгiнде ұшып жүрген басқа ғарыш кемелерiне үлкен қауiп төндiредi. Өйткенi шексiз кеңiстiктi еркiн шарлап жүрген сан мыңдаған темiр-терсек сынықтары секундына 10-20 шақырым жылдамдықпен ұшып жүредi. Осыншама жылдамдықпен зымырап келе жатқан кiшкентай ғана бұранданың өзi ғарыш кемесiне соқтығысып қалған жағдайда, оның мықты темiрден жасалатын қалың қабатын бiр-ақ тесiп өте алады екен. Дегенмен мамандар арнайы қондырғылар арқылы «ғарыш қоқыстарының» бағыттарын мүмкiндiктерiнше бақылап, апатты жағдайлардың алдын алу шараларын жүргiзiп тұрады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста