Ғарышкерлер қанша табады?

Ғарышкерлер қанша табады?

Қазақстан келешекте ғарыш державасына айналу мақсатын алға қойып отыр. Жалпы, ғарышкерлердің жалақысы қанша?
Мерей Әзімбек,
Алматы
 ҚР Қарулы Күштерінің генерал-майоры, «Қазақстанның ұшқыш-ғарышкері» құрметті атағының ие­гері Тоқтар Әубәкіровтің сө­зі­не қарағанда, армия прапорщигінің дә­режесінде зейнетақы алады. 2006 жылы Ресей космонавтта­ры­ның айлығы 767 доллар болса, 2010 жылдан бастап жарты жыл еңбегіне 150 мың доллар ақы ала­тын болды. Айтпақшы, тұңғыш ға­рышкер Ю.Гагарин 1962 жылы 575,1 доллар жалақы алған екен. Салыстыратын болсақ, 1969 жылы Айға қонған америкалық астро­навт Нил Армстронгтың айлығы 1666 доллар болған. Негізі, ға­рыш­қа ұшқан космонавт пен ұш­па­ғандардың жалақысында айыр­ма­шылық бар. Қырық шақты адам қыз­мет ететін ресейлік космонавт­тар­ды даярлау орталығында орта­ша айлық мөлшері – 533-611 дол­лар ғана. Кейбір атақты кос­монавттар, тіпті Ресей батыры ата­ғын алғандар бала-шағасымен бір бөлмелі пәтерде тұрып жатыр екен. Дегенмен ғарышқа көтерілген әрбір космонавт үшін қоғамдық көлікте жүру тегін және комму­нал­дық төлем төлемейді. Ал АҚШ-тың NASA қызметкерлерінің айлы­ғы 10 854 долларға тең. Дегенмен кейбір деректер бойынша АҚШ-тың космонавтика саласында істейтін қызметкерлерінің (ғарыш­та немесе Жерде істегеніне қа­ра­мастан) жалақысы 30 мың дол­лардың ар жақ, бер жағында кө­рінеді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста