Белгілі қайраткер ғалым Жабайхан Әбділдин қандай қызметтер атқарған және ғылымның қай саласын игерген, қандай еңбектері бар?
Нұркенже Мұратқызы, Алматы облысы
Көрнекті ғалым, философия ғылымының докторы, академик Әбділдин Жабайхан Мүбәрәкұлы 1933 жылы 16 ақпанда Павлодар облысы Май ауданы Майтүбек ауылында туған. Философия саласында өзіндік мектеп қалыптастыра білген ойшыл әр жылдары Қазақстан ғылым академиясында түрлі жауапты қызметтер атқарған. 1990 жылы Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің халық депутаты болып сайланды. 1994 жылы Тәуелсіз еліміздің тұңғыш Парламентіне депутат болып, ұзақ жылдар сенатор болды. Ғалымның ғылыми еңбектері негізінен диалектикалық логиканың өзекті мәселелерін зерттеуге арналған. Оның басқаруымен диалектикалық логиканың категорияларын, заңдарын, принциптерін жан-жақты зерттеуге арналған ұжымдық монографиялар жарық көрді. Осы зерттеулердің нәтижесінде «Диалектикалық логика» аталатын төрт томдық іргелі еңбек дүниеге келді. Мұнда диалектиканың логикалық функциясы анық дәлелденіп, категорияларының ғылыми жүйесі жасалды әрі олар қазіргі жаратылыстану ғылымдарының методологиялық мәселелерімен ұштастырылды. Әбділдиннің ғылыми басшылығымен 10 ғылым докторы, 40-қа тарта ғылым кандидаты дайындалды.
Қайраткер ғалым 1987-89 жылдары Алаш арыстары Ш.Құдайбердіұлы, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов шығармаларын зерттеп, оларды ақтау мәселесімен айналысқан арнаулы комиссия жұмыстарына басшылық жасаған.
Ғалымның қандай еңбектері бар?
Последние статьи автора