Ғалымның қандай еңбектері бар?

Ғалымның қандай еңбектері бар?

Белгілі қайраткер ғалым Жабайхан Әбділдин қандай қызметтер атқарған және ғылымның қай саласын игерген, қандай еңбектері бар?
Нұркенже Мұратқызы,
Алматы облысы
Көрнекті ғалым, философия ғылымының докторы, ака­де­мик Әбділдин Жабайхан Мүбәрәкұлы 1933 жы­лы 16 ақ­панда Павлодар облысы Май ауданы Май­тү­бек ауы­лында туған. Философия саласында өзіндік мек­теп қалып­тастыра білген ойшыл әр жылдары Қа­зақстан ғы­лым акаде­мия­сында түрлі жауапты қызмет­тер атқарған. 1990 жылы Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің халық депутаты болып сай­ланды. 1994 жылы Тәуелсіз еліміздің тұңғыш Пар­ламентіне депутат болып, ұзақ жылдар сенатор бол­ды. Ғалымның ғы­лыми еңбектері негізінен диалекти­ка­лық логиканың өзекті мәселелерін зерттеуге арналған. Оның басқаруымен диалектикалық логиканың категория­ларын, заңдарын, принциптерін жан-жақты зерттеуге ар­налған ұжымдық моногра­фия­лар жарық көрді. Осы зерттеулердің нәтиже­сінде «Диа­лектикалық логика» аталатын төрт томдық іргелі еңбек дүниеге келді. Мұнда диалектиканың логикалық функ­циясы анық дәлелденіп, категорияларының ғылы­ми жүйесі жасалды әрі олар қазіргі жаратылыстану ғы­лым­дарының методологиялық мәселелерімен ұш­тас­тырылды. Әбділдиннің ғылыми басшылығымен 10 ғылым докторы, 40-қа тарта ғылым кандидаты да­йындалды.
Қайраткер ғалым 1987-89 жылдары Алаш арыс­тары Ш.Құдайбердіұлы, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұма­баев, Ж.Аймауытов шығармаларын зерттеп, оларды ақ­тау мәселесімен айналысқан арнаулы комиссия жұмыс­тарына басшылық жасаған.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста