Галстук тағу ережелері
Галстукты әркім әрқалай тағады, дегенмен де оның әлемдік сәнге қатысты белгілі ережелері бар ма?
Еркін, Астана
Галстукты дұрыс тағудың ережелері:
• Ерлердің қазіргі іскерлік сән үлгісінде галстуктың ені 7-9 см болу керек;
• Галстук ұзындығы белдіктен 2 см төмен тұруы қажет;
• Галстук түйіншегі жейденің жағасымен бір деңгейде болуы керек;
• Түйіншек тығыз байланған болуы шарт;
• Галстуктың түсі костюмнен ашық, жейдеден қою түсті болуы керек;
• Суреті ұсақ әрі қою түсті болған сайын, күнделікті тағуға арналады;
• Киім бөлшектері бір-бірін жауып жіберетін түс болмауы керек: ашық түсті галстук пен біртүсті костюм мен жейде не ашық костюм, не жейде және біртүсті галстук;
• Киімнің бір түрі (костюм, жейде, галстук) ғана жолақты болуы керек;
• Сұңғақ әрі арықтарға – көлденең сурет, орта бойлы әрі тіп-тіктерге – тігінен әрі біртүсті, биік әрі толықтарға – көлденең суретті үлкен галстук не нақты геометриялық нақышпен, қысқа бойлы томпақтарға – ұсақ алабажақ суреттер не тік жолақ тән.