Галстук қашан пайда болды?
Қазір әлемдік сән үлгісінде классикалық стильдегі киімнің әрін кіргізуші галстук қашан, қайда пайда болғандығы туралы ақпарат бере кетсеңіздер?
Темірбек СҮЛЕЙМЕН, Өскемен
Галстук, шындығында, ер адамдардың жалғыз әшекейі. Қазіргі пішіндегі галстук XVII ғасырдан бері келе жатыр. Еуропада сол кезде 30 жылдық соғыс жүріп жатқанда, қатысушы хорват әскерлері мойындарына түйіншектелген кішкене орамал тағып жүрген екен.
Бірақ мойын орамалдары антикалық дәуірден бері белгілі. Оларды біздің эрамыздың басында римдік жауынгерлер таққан болатын. Мұндай орамалдар арқылы Траянның легионерлері б.э.113 жылы көтерілген Рим императорының салтанатты сабын мәңгіге есте сақтаған.
Траян бағаналары көп уақыттан бері галстуктың қанша ғасырлық тарихының куәгеріндей болды. Бірақ 1974 жылдан бастап Көне Рим осы бағытта біріншілікті өзгеге беруге тура келді. Себебі оған ХХ ғасырдың археологиялық сенсациясы саналған құдықтарды қазушы ретінде қытай шаруалары кінәлі болған. Олар тұңғыш қытай императоры Цинь Шихуандиды (б.э. дейінгі 259-210 жылдар) қорғаған күйдірілген саздан жасалған тұтас әскерді тауып алған. Ал әскердің мойындарына тағылған орамалдары галстук тарихын тіпті әрі жылжытып жіберді. Осылайша Қытай тек жібек, қағаз, бытыраның ғана отаны емес, галстуктің де шыққан жері болып табылып отыр.