Фристайл қай елден шыққан

Фристайл деген қысқы спорт түрі қашан, қай елде шыққан?
Гүлнұр,
Шымкент
Фристайл (ағылшынша – free style) «еркін стиль» деген ма­ғынаны білдіреді. Фристайл деген атау мен оның алғаш ережелерін 1970 жылдары америкалық­тар ұс­ынған.
ХХ ғасырдың ортасында Орта­лық Еуропаның кейбір елдерінің тау шаң­ғысы өкілдері шатқалдардан түсу кезінде жарыс ұйымдастырумен қоса, қи­мыл­дардың әдемі болуына, айналулар мен техникалық элементтерге көңіл бөл­ген. Сонымен қатар күрделі акро­ба­ти­калық жат­ты­ғуларды орындау шеберлігіне де назар аудара бастаған.
Еуропа мен Америкада пайда болған фристайлға деген қызы­ғу­шылық аз уа­қыт­тың ішінде шаңғы әлемін жаулап алды. Әлемнің түкпір-түкпірінде жергілікті халық­тар кішігірім жарыстар ұй­ым­дастыра бастады, ал олардың дең­гейі ұлттық чемпионаттар мен халық­аралық турнирлер дәре­же­сіне жеткенде, фрис­тайлдың ере­желерін бірың­ғайлауға қа­жет­тілік туындады.
Алғаш рет фристайл спорт тү­рінде 1966 жылы АҚШ-тың Нью-Гэмпшир шта­тына қарасты Аттиташ қаласында өт­кен жарыстан кейін қалыптасады. Кейін фристайлдан жарыстар жиі-жиі өт­кізіліп тұрды және оған Швейцария, Германия, Ита­лия, Австрия, Канада, АҚШ, Фран­ция және тағы басқа мемлекеттен келген спортшылар қа­тысқан.
Фристайл қысқы Олимпиада бағ­дарламасына 1988 жылы енді. Ал жыл сайынғы әлем кубогы бәсекесі 1975 жы­лдан басталған. 1986 жылы ақ­панда осы спорт түрінен Францияда әлем чемпионаты өткен. Оның құрамына шаңғы балеті, әуе (шаңғы) акробатикасы, ски-кросс және могул енді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста