Флорбол деген де спорт түрі бар ма? Ол қандай спорт? Аталуына қарап ботаникамен қатысы бар ма деп ойлап қалуға болады екен.
Мақпал ТҮСІП, Балқаш қаласы
Ботаникаға ешқандай қатысы жоқ. Флорбол деген – командалық спорт түрі. Ауызекі тілмен айтқанда, залдағы допты хоккей ойыны. Тек мұзайдын үстінде емес, паркет (еден) үстінде ойналады. Алаңының ауданы – 40х20 метр. Шайбалы хоккейдегідей жабық жақтаулары бар. Бұрыштары доғаша иілген. Қақпасының биіктігі – 1,60 м, ені – 1,15 м. Таяқшаларының ұзындығы – 1 м (пластиктен жасалады). Доп пластмассадан жасалады. Диаметрі – 72 мм. Салмағы 23 грамнан аспайды.
Әр команданың сапында – бес ойыншы, бір қақпашы болады. Матч барысында алаңдағы ойыншыларды алмастыра беруге болады. Оған шектеу қойылмайды. Допты аяқпен тоқтатуға болады, тек таяқшамен қақпақылдап ойнау керек. Бір ойын 20 минуттық үш кезеңнен тұрады. Ойын ережесін бұзған ойыншылар алаңнан қуылады. Кейде айып соққысы беріледі. Бұл ойын Солтүстік Еуропада пайда болған. Бір қызығы, бұл спорттың атауы әр елде әрқалай аталады. 80-жылдардың ортасында Швецияда Халықаралық флорбол федерациясы құрылып, осындай халықаралық атау берілген.
Флорбол деген де спорт бар ма?
Последние статьи автора