Ешкі сүтін қайдан сатып алуға болады?

Алматы облысында ешкі сүті өндірілетінін естігенбіз. Бірақ оны сауда нүктелерінен таппадық. Оны қайдан сатып алуға болады?
Сайра ДҮЙСЕБАЙ,
Алматы қаласы

Бізде ешкі сүті кеңінен қолданылатын ба­ла­­лар тағамдарының 90 пайызы – шетелдік. Осы олқы­лықтың орнын толтыру үшін «Ақ бастау» компа­ниясы ешкі сүтін өндіруді қолға алғанын алдында жазған болатынбыз. Бұл бастаманы Қазақ тағамтану академиясы қол­дап отырғандықтан, біз бұл сауалға жауап беру үшін соларға хабарласқан едік. Онда­ғылар ешкі сүтінің Алматыда «Столичный» және «Рамстор» сауда желілерінде сатылып жатқандығын айтты.
Біз «Рамстор» дүкеніне барғанымызда, олар тауардың қымбаттығына байланысты оны сөреден алып тастағандарын айтты. Соған қара­ғанда, бәрінен оңтайлысы, ешкі сүтін Жароков – Құр­манғазы көшелерінің қи­лы­сында орналасқан Қазақ тағамтану академиясының бірінші қаба­тындағы арнайы кабинеттен сатып алған дұрыс.
Шындығында, ешкі сүтінің бағасы қымбат болып шықты. Оның бір литрі 1000-1500 теңгеден сатылып жатқан көрінеді. Алайда өндірушілердің айтуынша, бұл – уақытша қиыншылық. Қытайдан сүтті ешкілер әкелінгеннен соң, шикізат өзімізден болған кезде сүттің бағасы арзандайды. Ал қазіргі ешкі сүті Голландиядан әкелінген шикізаттың негізінде жасалып жатыр.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста