Ескерту қағазы не үшін көрсетілді?
Компаниямен бірге теңбіл доп турниріне қатысып тұрамыз. Жақында бір матчта қарсыласым мені шалып түсіріп, оңбай құладым. Төреші алаң жиегіне шығуымды сұрады. Бірақ бірден орнымнан көтеріле алмай, дөңбекшіп жатыр едім, ескерту қағазын көрсетті. Төрешінің бұл шешімі дұрыс па?
Алмас КӨЛБАЙ, Шымкент қаласы
Егер төрешінің ойынша, футболшы ауыр жарақат алған болса, ойын бірден тоқтатылады да, алаңға ары кетсе екі дәрігер шақырылады. Олардан бөлек, қажет болса, санитарлардың шығуына рұқсат. Бірақ футболшыға көмек алаң жиегінде көрсетілуі тиіс. Сондықтан төреші жарақат алған ойыншы алаңнан толық шығып кетпейінше, ойынды жалғастырмайды. Егер ойыншы төрешінің талабын орындамай, дөңбекшіп жата берсе, бұл уақыт созу болып есептеледі де, оған ескерту қағазы көрсетіледі. Осы жерде айта кетейік, төреші ескерту қағазын ойыншы алаңнан шығып кетпей тұрып көрсетуі керек. Дегенмен егер жарақат тым ауыр болып, ойыншы өз ырқымен тұра алмайтындай болса, екі команданың да ойыншысы ауыр жарақат алып, дөңбекшіп жатса және қақпашы жарақат алып, орнынан көтеріле алмаса, ескерту қағазы көрсетілмейді.