Ертеде жылқы күзеу мерекеге айналған

Ертеде жылқы күзеу мерекеге айналған

Ауылға барғанда атқа мініп көргеніміз болмаса, жылқыға қатысты шаралар мен атауларды білмейтінімізді мойындауымыз керек. Мысалы, жылқының жал-құйрығын қай уақытта және қалай күзейді?
Жаңаберген ДОСПАН,
Астана
Әдетте, тай, құнан, құнажын, байтал және қысыр қалған биелер күзеледі. Күзеуге сәуір айы орта­лаған соң, бір ашық күнді бел­гі­лейді. Тай күзеу еркек, ұрғашысына қарамай, жалы уыс толар шоқтық қалдырып, қалғаны сыпыра күзе­леді. Байтал күзегенде кекілі мен жалы құнанша күзеледі. Құй­ры­ғының жоғарғы жағынан «жол көрсетер» екі кертік қалдырады да, құйрық шыбығын «шыбын қағар» шашақ қалғанша сыпыра күзейді. Құнан күзеуде кекілін шырпып қана теңестіріп қояды. Құйрығы күзел­мей­ді, жалы тай кезіндегідей сы­пыра күзеледі. Қысыр күзеуде қысыр қалған биенің кекілін төгіл­те қал­дырып, жалын сыпыра күзейді. Құйрығын жоғары жағы­нан үш бу­нап күзеп, ұшын шырпып қана тегіс­тейді. Соғым малын күзеуде ат болсын, бие болсын соғым­ға арнап жіберерде жалын сыпыра күзеп, құйрығын тірсегінен шорт кеседі. Тұлданған атты күзеу ертедегі рәсім бойынша иесі өлсе, мінген атын ие­сі­нің жылында сою үшін жал-құй­ры­ғын күзеп жібереді. Тұлданған аттың кекілін жоғары көтеріп, мықтап түйеді де, ұшын бір­дей­лес­тіре шырпиды. Тұл атқа ешкім мін­бейді.
Жылқының күзелген қылына түйенің шудасын, қойдың жүнін қосып арқан, шылбыр еседі және мұн­дай жіп-арқан өте мықты бола­ды.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста