Ерлердің сексуалды дағдарысы

Ерлердің сексуалды-психологиялық дағдарысы әйелдікіндей жиі болмайды. Бірақ болса, оның ауыр салмағын отбасыдағы әр адам толыққанды сезінеді.
Тестостерон – өте агрессивті гормон. Ер адам күйзеліске түскенде бұл гормон қан құрамына өте көп көлемде бөлінетіні соншалық, үйдегілер бесінші бұрыш іздеп, тығылып қалғысы келеді. Егер әйел дағдарысы өзінің сыртқы әлпеті бойынша өрбісе, ерлерде ол потенция мен интимді жетістіктері айналасына шоғырланады. Бір қызығы, ерлер сексуалды артықшылығы мен кемістігін қатар уайымдайды екен.
Мәселені жас шамасына бөліп қарастырсақ.
1. «Жастық шақ-гормоналды». 13-22 жас аралығы
СИМПТОМДАРЫ:

Нені «керек ететіні» анық, дегенмен құмардан шығудың мүмкіндігі жоқ. Гормон қанды өртеп жатыр, бірақ қыздар ай астында қыдыруды, сыйлықты күтеді. Сыныпта қыздар бір-екі сымбатты жігітке ғана қарайды. Басқаларына көз қиығын да салмайды. «Бос кеуде». «Бос кеудеге» қыздар көз салу үшін біраз тыраштану қажет. Бірнеше сценарий арқылы өрістейді: қыз бала қатты сөз айтуы мүмкін, немесе ұзақ уақыт жүгіруін талап етеді, яки жай ғана жоқ дейді, болмаса басқа үшін тастап кетеді. Бұдан кейін «қыздардың бәрі ақымақ» деген пайым қалыптасады. Бәлкім, тым қате пікір. Өмірде маңыздысы, «секс деген жауапкершілік» ұстанымы.
Түйткіл:
Бірінші әрі басты түйткіл – реніш пен өзін кінәлі сезіну. Бозбаланы өмірінде бір рет қана қабылдамауы мүмкін. Бірақ ол осы өкпесін өмір-бақи сақтап өтуі ғажап емес. Жақсы көрген бойжеткені біреу ғана болса да, ол ендігі кезде жалпы әйел затына сенімін жоғалтауы кәдік. Ал, егер қызы жүкті болып қалса, жалпы төсек қатынасынан аулақ жүргісі келеді.
Екінші түйткіл – өзін түсіне алмауы. Ал, қыздың не ойлағанын білу тіптен қиындайды. Психологиялық осалдықтың салдарынан ашушаңдық пен агрессивтілік күшейеді.
Мұндай жаста бозбалалар қыздарға да, өздеріне де мықты екендігін дәлелдеу үшін түрлі әрекетке баруы мүмкін. Біреу спортпен шұғылдануды бастайды. Біреу экстремалды спортқа ден қояды. Бастысы жасөспірім ішімдік пен есірткімен достаспаса болғаны. Жауапкершілік сезімі бәрінде біркелкі дамымайды. Азамат болу үлкен жауапкершілік екендігімен алғаш бетпе-бет келеді.
Шешімі:

Күмәншіл болмаңыз. Қыздар көп. Олардың арасында жақсылары тіптен көп. Уақыт ер адамға қызмет етеді. Оны тәжірибе көркейтеді. Психологтардың айтуынша, жүз рет жоқ десе, жүз бірінші рет міндетті түрде иә дейді. Жыл өткен сайын жолыңыз болғыш болады. 25 келген шамада сізде таңдау жағы тым жоғары болады. Тек іштей тұйықталмау керек. Араласыңыз.
Маңыздысы: егерде психологиялық қиындығыңыз болса, кейбір сауалдарға жауап таппасаңыз, мұның барлығын осы кезде, дәп қазір шешіңіз. Өзіңіз шеше алмасаңыз, психологқа барыңыз. Бәрі әп-сәтте қалпына келеді. Құрттай ғана болып көрінген әр түйткіл өсе келе күрделі мәселеге айналуы мүмкін. Сосын оны шешу үшін өміріңіз текке кетуі мүмкін.

2. «Орта жас». 35 – 43 жас аралығы
СИМПТОМДАРЫ:

35 жастан кейін сексуалды белсенділік бәсеңсиді. Бұрын эротика қарым-қатынастың басты шарты болса, енді басқаға көңіл ауады... Егер адам осы жасқа дейін ауыр ажырасуды немесе айырылысуды бастан кешсе, ол тұрақты қарым-қатынасқа мүлде селсоқ қарайтын болады. Осы жаста ерлер түрлі рухани ізденістерге әуес келеді. Өмірге деген пәлсапалық көзқарастарын айғақтауды бастайды. Бұл кезең алғашқы нәтижені қорытындылау шағы. Махаббат айдынында да бәрі өзгереді. Әйелдердің барлығы бірдей екендігіне көз жеткізеді. Бірінші кезекке «әлеуметтік деңгейде неге қол жеткіздім?» сауалы шығады. Бұл сауалға жауапты ол әйелден іздейді. Енді маңыздысы олардың саны емес, оның өзіне деген көзқарасының сапасы, өзінің меніне деген құрметі болмақ.
Түйткіл:
Үйленген еркектер бұл жаста әйелдермен жай жүріп қоймайды. Олар шынайы жақсы көреді, шын ғашық болады. Көбіне отбасыдан әйелімен түсіністігі жоқтықтан кетеді.
Оған жаны етене жақын, муза қажет. Жай әдемілік енді рөл ойнамайды. Музаны әркім өздігінше таңдайды. Бір ғажабы ол әйеліне қарама-қарсы типті болады. Қатал әрі аз сөзді әйелден жұмсақ, мейірімді, тыңдауды білетін, мақұлдай алатын жанға кетеді. Күйгелек, шыдамсыз әйелден салмақты, терең ойлайтын, беделді адамға кетеді. Ал, егер осы шақта жаңа отбасы құрса, онда сүйіктісінен бірінші әйелін жасап шығарумен әлектенеді.
Шешімі:
Егер сізді осы дағдарыс мазаласа, әсіресе шаңырақ шайқалудың қаупі төнсе, онда жауапкершілікті әйеліңізге, бала-шағаңыздың мойнына артып қоймаңыз. Таз ашуын тырнадан алмас болар. Өз наразылығыңызды олардан көрмеңіз. Ашу басылған соң олардың алдында ұятты болып қалуыңыз мүмкін. Сол күнәлі сезімді өмір бойы алып өтуге тура келеді. Дәл осы кезеңде жаңа отбасы құруға кеңес берілмейді. Ажырасудан кейін кесілген некенің бес пайызы ғана сақталады екен. Отбасы жаңа, ал психологиялық түйткілдер ескі. Жаңа қалыңдыққа жиналған мәселелерден қашып кетудің реті келмес. Әйел сексуалды және интеллектуалды бағалаушылықты арттыруы мүмкін, бірақ жалақы мен лауазымды ол өсірмейді.

3. «Өгіздің өзі өлсе де, мұрны өлмейді». 55 жас шамасында.
СИМПТОМДАРЫ:

Өмір бір қалыпты ағымда. Бала, немере, саяжай. Сексуалды ахуал төмендеп, іш пыса бастайды.
Бұл жастағы ерлер алма бет пен бұлтың бөксеге қызығады. Солар арқылы өзінің бағалауын өсіргісі келеді. Жас қыздың жанында өзін жас сезінеді. Жасөспірім кезіндегі гиперсексуалдылық шағын бастан өткереді. Жастардан оң заряд алғысы келеді. Өзінің сексуалды өмірінің тарихын байытуға асығады. Сөйтіп, жиырма жасар қыздардың соңынан жүгіреді. Міндетті түрде секс болмаса да. Бастысы, әйелін болмады деп сендірсе.
Түйткіл:
Бұл шақта еркектің әйелінен кетуі сирек құбылыс. Өзіне жас қыздың жұп еместігін түсінеді. Тәулік бойы жас қыздың жанында отырып ортақ әңгіме тақырыбын да таппауы мүмкін. Қанша дегенмен, өзінің қатар-құрбысымен ортақ нәрсе көп қой. Бұны ерекше тез дамып жатқан мәдени әлемдегі ұрпақ сабақтастығының бұзылуымен де байланыстыруға болады. Әр заманның өз кумирлері бар. Қартайған «Төлегенді» әйелі қумайды. Ата, әже атанған соң, оларға кімнің қайда жүргені маңызды емес. Әженің бар қызығушылығы, міндеті бала, немеренің үстінде болады. Шалының бар-жоғы әсер етпейді. Сондықтан ажырасу бұл жаста бола бермейді.
ШЕШІМІ:
Бұл бәйбішеңіз сізді ойлап-уайымдамайды деген сөз емес. Уайымдайды. Бірақ оның ой-таназары, міндеті бала-шағасы мен немерелеріне көбірек ауады. Ол жәй ғана «есікті іштен іліп алумен» шектеледі. Ал, сіз қыздармен көңіл көтересіз. Мейлінше оған білдірмеген дұрыс. Яки, доғарған абзал. Адалдығыңызға сендіру қажет. Құтқару жолындағы өтірік іспетті.
Дағдарыс өтеді. Ал, өмір думаны жалғаса бермек. Сол думанда жалғыз қалмасаңыз болғаны.

Татьяна ОГНЕВА,
Дарья ЗАВГОРОДНАЯ
Аударған Шынар Әбілдә

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста