Еркектер нені қалайды?

Бұл сұрақтың жауабын іздеген нәзік жандардың аз еместігі анық. Ал осы мәселе турасында дұрыс ой қорытқандары қаншалықты? Егер сіз де солардың арасынан болсаңыз, пікіріңіз дұрыс жауаппен сай келе ме екен? Тексеріп көріңіз!

 

Төмендегі жауаптар алдарына нақты мақсат қойып, оң-солын айыра білетін, беделді ер азаматтар арасында жүргізілген сауалнама қорытындысы негізінде дайындалған.

1. Қарым-қатынастағы шыншылдықты қалайды

Еркектер екінші жартысының шыншыл болғанын, ешқашан алдамауын қалайды. Сондай-ақ ойындағысын, тілектері мен қажеттіліктерін ашық жеткізетін, өз сезімдері мен ар-намысын таптатпайтын жандарды ұнатады.

Бұл турасында әйелдердің ойы қандай? Олар керісінше ойлайды. Еркектердің «Әйелдер ешқашан ауыздарын ашпаса, қалауы мен тілегі жоқ, үнсіз қуыршақ сияқты болса...» деген ойда екеніне әйелдер 100 пайыз сенімді.

 

2. Екінші жартыларының өздеріне сенімді, батыл болуын қалайды

Еркектер жанындағы жартысының еркін, батыл, өздеріне сенімді болғанын қалайды. Сондай-ақ өз ортасында сөзі жүретін, қызығушылықтары мен айналысатын ісі бар болса деп армандайды. Сүйіктісінің нәзік те, қайсар болғаны – еркектер үшін үлкен бақыт.

Бұл турасында әйелдердің ойы қандай? Олар «Еркектер әрдайым өздерінің ғана биікте болғанын қалайды» деп қатты шатасады.

 

3. Айла, қулықты қаламайды

Еркектер сүйіктілерінің ойын оқуды, қандай да бір ым-жымның шешуін іздеуді қаламайды. Сондай-ақ әйелдер оларды айла-тәсілмен «жетелегендерін» қаламайды.

Бұл турасында әйелдердің ойы қандай? Олар «Еркектерге ойымыздағыны орындату үшін оларды алдап-сулауымыз керек, яғни айла қолдану ғана дегенімізге жеткізеді» деген ойда. Сондай-ақ «Еркектерге әрдайым белгі беріп, алға «сүйреп» отыру керек. Өйткені олар өздігімен аттап қадам баспайды» деп қатты қателеседі.

 

4. Жауапкершілік пен алға жылжуды қалайды

Еркектер қуыршақтарды емес, «тірі» әйелді сүйіктісі ретінде көргісі келеді. Өз ісіне күле алатын, қателіктеріне аса уайымдамайтын, сондай-ақ қайда болсын, оның ішінде, әрине, екеуара қатынаста тек алға жылжыйтын әйелдерді ерекше бағалайды. Сонымен қатар еркектер өзін жан-жақты дамытып, мойнына жауапкершілік ала алатын қайсар қыздарға ынтық.

Бұл турасында әйелдердің ойы қандай? Олар «Еркектер тек көңілді уақыт өткізуді ғана қалайды. Олар үшін ақыл, қайырым, мейірімділік, сыйластық, әсіресе, махаббат сияқты ұғымдар мүлде жоқ, бастысы, жандарында супер-модель болса болғаны» деген ойда.

 

5. Сенімді қалайды

Сенім еркектер үшін өте маңызды. Олар екінші жартыларының басқаларға көз салмайтын, нақсүйер болғандарын қалайды. Қарым-қатынаста бір-біріне деген сенімнің болғанын құп көреді.

Бұл турасында әйелдердің ойы қандай? Олар «Барлық еркектер тек төсек қатынасын ғана қалайды. Олар сенім дегеннің не екенін білмейді, әрі табиғатынан жүргіш келеді. Егер қарым-қатынаста қандай да бір қиындық ту, тезірек қашып құтылады» деген өте лас ойда!

 

6. Қолдау мен алғыс естігілері келеді

Ер азаматтар кішкентай қадамның өзін елеп, ескеретін әйелдерді жақсы көреді. Бұл – еркектер үшін тек мадақ пен мақтау ғана емес, алға итермелейтін стимул. Олар мақтау мен алғыс естіген сайын, одан жақсы болу үшін талпынады екен.

Бұл турасында әйелдердің ойы қандай? Көптеген әйелдер еркектерінің осал тұстарын бетіне басып, оны жігерлендіремін деп ойлайды. Ал «Алғыс айту, мақтау, қолдап-қолпаштау еркектерге керек емес, олар ондай жақсылықты бағаламайды» деп ойлайды. Сондықтан да олар алғыстың орнына сынап-мінегенге шебер.

 anabol.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста