Алматыда Желтоқсан оқиғасына қатысты ескерткіш ашылғанын білемін. Бірақ басқа қалаларда Тәуелсіздік алуымызға мұрындық болған осы көтеріліске қатысты немесе желтоқсандықтарға арналған ескерткіштер бар ма?
Арайлым, Ақтау қаласы
2006 жылы Алматыда 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының 20 жылдығына арналған «Тәуелсіздік таңы» ескерткіші ашылды. Ескерткіштің ашылу рәсіміне Елбасының өзі қатысып, «Желтоқсандағы оқиға – Қазақстан Тәуелсіздігінің жаршысы» деген болатын. Бұл ескерткіш Алматы қаласы Желтоқсан мен Сәтбаев көшелерінің қиылысында орналасқан. Сонымен бірге Желтоқсан оқиғасының 10 жылдығына орай Төле би көшесінің бойында Халық Қаһарманы Қайрат Рысқұлбековтің ескерткіші қойылған. Ол Алматыда сотталған соң, Семей түрмесіне әкелінген болатын. Қазір Семей қаласында оның атында мектеп пен мұражай бар. Ескерткіші орнатылған. Тараз қаласында да Рысқұлбеков есімімен аталатын демалыс паркі бар және онда батыр ұлдың ескерткіші қойылған. Ал Өскемен қаласында Желтоқсан көтерілісінің алғашқы құрбандарының бірі Сәбира Мұхаметжановаға өзі оқыған педагогикалық колледждің бұрышына ескерткіш тақта қойылды. Алматы облысы Жаркент қаласының орталығында Желтоқсан көтерілісінің құрбандары – Ләззат Асанова мен Ербол Сыпатаевқа арналған ескерткіш бар.
Ербол мен Ләззатқа арналған ескерткіш бар ма?
Последние статьи автора