Көптеген әйелдер «Төсек қатынасында өзімді қалай ұстауым керек?» деген мәселеге бас ауыртады екен. Бірақ оған ешкім нақты жауап бере алмайды! Қарапайым немесе адуынды, нәзік болмаса батыр… Бірақ бастысы әйелге аздап қымсыну, қысылу керек. Себебі ер адамға төсек қатынасында сүйіктісін «жаулап» алған ұнайды.
Ер адамды еліктіріп әкету әйелге туған кезіне берілетін қасиет болғанымен, оны дамытуға болады екен. Ер адамның құмарлығын ояту әйелінің қолында. Бұл жерде сіздің әдемілігіңіз, дене мүсініңіз маңызды емес.
Тіпті сіздің мүсініңіз идел үлгіден алыс болған күннің өзінде, сіз сүйіктіңізді баурап, ынтықтыра алсыз. Бірақ оны дамыту үшін, сіз төсектегі серіктесіңізге сенуіңіз керек. Сонымен қатар әйелдік нәзіктікті басқа техникалар арқылы да дамытуға болады. Мысалы биге қатысу, медитациялар істеу, жаттығулармен айналысу.
Әйел адамның төсек қатынасында қабілетсіз болуы, ер адаммен қарым-қатынасына сызат түсіруі мүмкін. Төсек ойынында әйел өз интуициясына жүгінгені жөн, себебі басқа образдарды қайталау арқылы табиғилықтан айырылып қалуы ғажап емес.
Зерттеулердің нәтижесі көрсеткендей, әйел адамдар төсек қатынасы кезінде өздерінен кемшілік іздеп, оймен алысып кетеді екен. Ал ер адамдарға сіздің шаш үлгіңіз қызық болмауы да мүмкін. Ал сіздің күйгелектеніп кеткеніңізді бірден сезіп қоя алады. Сондықтан салмақтылық пен өзіңізге деген сенімді арттырумен айналысқан дұрыс.