Туберкулезбен ауырған науқасқа еңбекке жарамсыздық парағы бойынша ақы қалай төленеді?
Мәжит БЕЙНЕҒАЛИЕВ, Атырау облысы
Еңбекті нормалау және еңбекке ақы төлеу басқармасының сарапшы маманы берген мәліметке қарағанда, әлеуметтік жәрдемақы тағайындау тәртібі және төлеу, сондай-ақ оның мөлшерін айқындау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1 339 қаулысымен бекітілген ереженің 5-тармағына сәйкес, жәрдемақы еңбекке қабілетсіздігінің алғашқы күнінен бастап еңбекке қабілеті қалпына келген күнге дейін немесе мүгедектігін белгілегенге дейін жұмыс істейтін орны бойынша төленеді. Ереженің 7-тармағына сәйкес, нақты қызметкердің айлық жәрдемақысының мөлшері оның орташа күндік жалақысын еңбекке уақытша жарамсыздық парағына сәйкес төленуге жататын жұмыс күндерінің санына көбейту жолымен айқындалады. Бұл ретте, Ереженің 6-тармағына сәйкес, айлық жәрдемақының мөлшері Ережеде белгіленген жағдайларды қоспағанда, 15 еселенген айлық есептік көрсеткіш шамасынан аспауға тиіс. Сондай-ақ Ереженің 9-тармағына сәйкес, Ұлы Отан соғысының жұмыс істейтін қатысушыларына, мүгедектері мен оларға теңестірілген адамдарға жәрдемақы еңбек қабілетін жоғалтқан алғашқы күннен бастап орташа айлық жалақының 100 пайызы мөлшерінде төленеді. Сонымен бірге қызметкердің еңбек жарақатына немесе кәсіби науқастануына байланысты жәрдемақыны жұмыс беруші еңбекке жарамсыздық басталған алғашқы күннен бастап жұмысқа шыққанға немесе мүгедектік белгіленгенге дейін орташа жалақының 100 пайызы мөлшерінде төлейді.
Бұл ретте, ҚР Еңбек кодексінің 159-бабына сәйкес, жұмыс берушiлер қызметкерлерге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген әлеуметтiк жәрдемақы мөлшерiне қосымша төлемдер белгiлеуге құқылы.
Еңбекке жарамсыздық парағы бойынша ақы қалай төленеді?
Последние статьи автора