Мен жеке кәсіпорында жұмыс істеймін. Осы жылдың мамыр айында
Еркін ТОҚАШБАЕВ, Алматы облысы
Сарапшы мамандардың айтуына қарағанда, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 29-бабы 2-тармағының нормаларына сәйкес, бұрын бір жылдан кем емес белгілі бір мерзімге шарт жасасқан қызметкермен жеке еңбек шарты қайтадан жасалған жағдайда, оның ішінде еңбек шартының мерзімі ұзартылған кезде, ол белгіленбеген мерзімге жасалған болып есептеледі. Жалпы, ереже бойынша, еңбек шартының ұзартылғаны жөнінде жұмыс берушінің актісі (бұйрық) шығарылады және қызметкердің еңбек кітапшасына тиісті жазбалар енгізіледі. Кодекстің 32-бабына сәйкес, еңбек шарты жазбаша нысанда кемінде екі дана етіп жасалады және оған тараптардың қолдары қойылады. Еңбек шарты бір-бір данадан қызметкер мен жұмыс берушіде сақталады. Қызметкердің еңбек шартының бір данасын алуы жазбаша нысанда расталады. Еңбек шартына, оның ішінде басқа жұмысқа ауыстыру кезінде өзгерістер мен толықтырулар енгізуді тараптар осы баптың 1-тармағында көзделген тәртіппен жазбаша нысанда жүзеге асырады. Еңбек шартының талаптарын өзгерту туралы ұсынысты тараптардың бірі жазбаша нысанда береді және екінші тарап оны берілген күннен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде қарайды.