Еңбек демалысының ақысы қалай есептеледі?

Еңбек демалысының ақысы қалай есептеледі?

Медициналық қызметкерлерге 42 күн еңбек демалысы бері­ле­ді, бірақ 36 күнге ақы төлейді, ал санитаркаға, бухгалтер т.б. қыз­мет­керлерге 30 күн еңбек демалысы беріледі және сол 30 күнге ақы төленеді. Осы дұрыс па?
Алмагүл Үсенова,
Жамбыл облысы
Еңбекті нормалау және еңбекке ақы тө­леу басқармасының сарапшы маманының мә­ліметінше, ҚР Еңбек кодексінің 100-бабына сәйкес, жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы жұмыс орны (лауазымы) мен ор­таша жалақысы сақтала отырып, белгiлi бiр күнтiзбелiк күндер санына берiледi.
Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай тәртібі «Орташа жалақыны есептеудің бір­ың­ғай ережесін бекіту туралы» Қазақстан Рес­публикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы №1394 қаулысымен (бұдан әрі – Ереже) айқындалады.
Ережеге сәйкес бес күндік, сондай-ақ алты күндік жұмыс аптасында орташа айлық жалақыны есептеу белгіленген қосымша ақылар мен үстемеақылар, сыйақылар жә­не еңбекақы төлеу жүйесінде көзделген тұ­рақ­ты сипаттағы басқа да ынталандыру төлем­дері ескеріле отырып, тиісті кезеңдегі орташа күндік (сағаттық) жалақының есебі­нен нақты жұмыс істелген уақыт үшін жүр­гі­зіледі.
Орташа жалақыны есептеуде Ереже қо­сымшасына сәйкес, тұрақты сипаттағы емес төлемдер ескерілмейді.
Қызметкердің орташа жалақысы орташа күндік (сағаттық) жалақыны оқиға кезеңіне сәйкес келетін жұмыс күндерінің (жұмыс са­ғат­тарының) санына көбейту жолымен есеп­теледі.
Орташа күндік (сағаттық) жалақы бар­лық жағдайларда есепті кезеңде есептелген жалақы сомасын жұмыс уақыты теңгерімін негізге ала отырып, тиісінше бес күндік не­месе алты күндік жұмыс аптасының жұ­мыс күндері (сағаттары) санына бөлу жолымен анық­талады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста