Еңбек демалысында жүргенде жұмысқа шақыру заңды ма?

Еңбек демалысында жүргенде жұмысқа шақыру заңды ма?

Мен жауапкершілігі шектеулі серіктестік мекемесінде маман болып жұмыс атқарамын. Мен еңбек демалысында жүргенімде мекеме басшылығы жұмысқа шақырды. Мен басқа қалада жүргенімді айтып, жұмысқа шыға алмаймын десем, «онда қызметтен босатыласың» дейді. Мекеме басшылығының іс-әрекеті заңды ма?
Ерғали ЕСЕНҒАЛИЕВ,
Атырау облысы

Еңбекті нормалау және еңбекке ақы тө­леу басқармасының сарапшы маманда­рының айтуынша, Қазақстан Респуб­ликасы Еңбек кодексінің 109-бабына сәйкес, жұмыс берушi жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын тек қызметкердiң жазбаша келiсiмiмен ғана үзуi мүмкiн. Қыз­меткердiң жұмыс берушiнiң ұсынысынан бас тартуы еңбек тәртiбiн бұзу болып табылмайды.
Жыл сайынғы ақылы еңбек демалы­сынан шақыртып алуға байланысты пайда­ланылмаған бөлiгi еңбек шарты тарап­тарының келiсiмi бойынша ағымдағы жыл iшiнде немесе келесi жұмыс жылында кез келген уақытта берiледi не келесi жұмыс жылындағы жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына қосылады.
Қызметкердi жыл сайынғы ақылы еңбек демалысынан шақыртып алған кезде демалыстың пайдаланылмаған бөлiгiн басқа уақытта берудiң орнына қызметкер мен жұмыс берушiнiң арасындағы келiсiм бойынша қызметкерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының пайда­ланылмаған бөлiгiнiң күндерi үшiн өтемақы төлемi жүргiзiлуi мүмкiн.
Сонымен бірге қызметкерді еңбек дема­лысынан қанша уақыттан кейін ша­қыртылуы тараптардың келісімі бойын­ша реттеледі.
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста