Мұғалімдердің 56 күн еңбек демалысына экологиялық 7 күн қосылады. Осы 7 күнге ақы төлене ме, ол қалай есептелінеді?
Кәмила Оңғарова, Шығыс Қазақстан облысы
ҚР «Білім туралы» № 319 Заңына сәйкес, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері үшін – ұзақтығы күнтізбелік 56 күн; оқу-әдістемелік қызметкерлері қамтамасыз ету, мектепке дейінгі және қосымша білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері үшін күнтізбелік 42 күн ақы төленетін жыл сайынғы демалыс алудың әлеуметтік кепілдіктерін иеленеді.
Бұл ретте ҚР Еңбек кодексінің 103-бабына сай жыл сайынғы еңбек демалысының жалпы ұзақтығын есептеу кезiнде жыл сайынғы қосымша еңбек демалыстары (соның ішінде экологиялық ) жыл сайынғы негiзгi еңбек демалысына қосылады.
Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай тәртібі ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы «Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай ережесін бекіту туралы» № 1394 қаулысымен айқындалады.
Ережеге сәйкес бес күндік, сондай-ақ алты күндік жұмыс аптасында орташа айлық жалақыны есептеу белгіленген қосымша ақылар мен үстемеақылар, сыйлықақылар және еңбекақы төлеу жүйесінде көзделген тұрақты сипаттағы басқа да ынталандыру төлемдері ескеріле отырып, тиісті кезеңдегі орташа күндік (сағаттық) жалақының есебінен нақты жұмыс істелген уақыт үшін жүргізіледі.
Қызметкердің орташа жалақысы орташа күндік (сағаттық) жалақыны оқиға кезеңіне сәйкес келетін жұмыс күндерінің (жұмыс сағаттарының) санына көбейту жолымен есептелінеді.
Орташа күндік (сағаттық) жалақы барлық жағдайларда есепті кезеңде есептелген жалақы сомасын жұмыс уақыты теңгерімін негізге ала отырып, тиісінше бес күндік немесе алты күндік жұмыс аптасының жұмыс күндері (сағаттары) санына бөлу жолымен анықталады.
Еңбек демалысына қосылатын экологиялық 7 күн үшін ақы төлене ме?
Последние статьи автора