Аспан әлемiндегi ең жарық жұлдыз жөнiнде әрқилы мәлiмет бар. Бiреу Шолпан дейдi, бiреу Темiрқазық дейдi. Қайсысы дұрыс?
Сандуғаш САҒЫНОВА, оқушы
Сiздiң сұрағыңызға В.Г.Фесенков атындағы астрофизика институтының жетекшi ғылыми қызметкерi Любовь Шестакова жауап бередi:
– Аспан әлемiндегi ең жарық жұлдыз – Сүмбiле немесе Sirius. Астрономия тiлiнде ол Үлкен Арлан шоқжұлдызының а-сы деп аталады. Грек әлiпбиiндегi а (альфа) әр шоқжұлдыздағы негiзгi жұлдызды бiлдiредi. Сүмбiленi Жердiң барлық түкпiрiнен қарауға болады. Ол – бiзге жақын жұлдыздардың бiрi. Негiзi, Сүмбiледен де жарығырақ ғаламшарлар бар. Мәселен, Есекқырған мен Шолпан. Бiрақ қазiргi теорияда А1 спектральдi тобына жататын Сүмбiленi «ең жарық жұлдыз» деп санау қалыптасқан.
Осы айда Сүмбiленi Алматы тұрғындары iңiр қараңғысында анық байқай алады. Ол – ақ түстi, түрлi-түстi жолақтары бар әдемi жұлдыз. Ежелгi Рим күнтiзбесiнде Сүмбiле – «каникула», тағы бiр көне әдебиеттерде «қызыл жұлдыз» деп те аталады.
Ең жарық жұлдыз
Последние статьи автора