Ең ұзақ жекпе-жек
Кәсіпқой бокста рейтингтік жекпе-жек ары кетсе — 10 раунд, ал чемпиондық айқас 12 раунд екені белгілі. Мен керісінше кәсіпқой бокстың тарихындағы ең жылдам аяқталған жекпе-жек туралы білсем деп едім.
Александр ЕСКЕНДІРОВ, Қызылорда қаласы
Егер кәсіпқой бокстың тарихындағы ең ұзақ жекпе-жек 12 раундтық деп ойласаңыз, қатты қателесесіз. Бұрындары кәсіпқой бокста айқас екеуінің бірі жеңілгенше жалғасқан. Ал 1893 жылы америкалық қос боксшы Энди Боуэн мен Джек Берктің арасындағы жекпе-жек 110 раундқа созылды. Яғни, уақытқа шағар болсақ, айқастың 7 сағат 21 минут бойы өткенін байқау қиын емес. Ақырында екі боксшы да әбден шаршап, бір-біріне жұдырық сілтеуге шамалары келмей қалғандықтан, төреші жұдырықтасуды тоқтатуға мәжбүр болған. Бір жарым айдан кейін екі боксшы қайта жұдырықтасып, 85 раундқа созылған жекпе-жекте Энди Боуэн жеңіске жетті.
Ал кәсіпқой бокс тарихындағы ең жылдам аяқталған жұдырықтасу 1946 жылдың 23 қыркүйегінде тіркелді. Өз заманының атақты боксшыларының бірі Эль Кутюр америкалық Ральф Уолтонды 10,5 секундтың ішінде нокаутқа жіберген.