Ең ұзақ хандық құрған қазақ ханы кім?

Ең ұзақ хандық құрған қазақ ханы кім?

Қазақ тарихында ең ұзақ хан тағында отырып, билік жүргізген хан кім?
Айбек,
Талдықорған қаласы
Қазақ хандығының 300 жылдық тарихында ең ұзақ хандық құрған – Хақназар хан. Ол билікке 1538 жылы ке­ліп, 1580 жылға дейін, яғни 42 жыл бойы хан болды. Қа­сым ханның баласы Хақ­назар (Ақназар) хан тұсында Қа­зақ хандығы қайта бірігіп, дами түсті. Ол ел басқару, қиын-қыстау, әскери-саяси іс­тері жағында қажырлы да қабілетті қайраткер болды. Оның үстіне аса күрделі сырт­қы жағдайларда дипло­ма­тия­­лық дарыны мол майтал­ман екендігін көрсетті. Өзінен бұ­рынғы Тахир хан және Бұй­даш хан тұсында бытыраңқы жағ­дайға түскен Қазақ хан­ды­ғын қайта біріктірді. 1523-1524 жылдары қазақ-қыр­ғыз одағын нығайтып, тіпті сол заманның тарихи дерек­те­рінде Хақназар хан «қазақ­тар мен қырғыздардың пат­ша­сы» деп атала бастады. Ол осы қазақ-қырғыз одағына сү­йе­не отырып, Моғолстан хан­дарының Жетісу мен Ыстықкөл алабын жаулап алу әрекетіне тойтарыс берді. Қазақ ханды­ғының күшеюі және халық өмірінің оңалуы, Ноғай одағы­на қарасты көш­пелі тайпалар­дың бір бөлігі қаң­лылар, қып­шақ­тар тағы бас­қалардың Қа­зақ хандығына ке­ліп қосылуы­на септігін тигізді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста