Ең қорқынышты мұражайда не бар?

Ең қорқынышты мұражайда не бар?

Естуімше, дүниежүзінде ең қорқынышты деп танылған бірнеше мұра­жай бар екен. Сонда мұндай мұражайларға қандай заттар қойылған?
Мақпал ТӘЖЕНОВА,
Алматы қаласы
Әлемде өзіңіз айтып отырған қорқы­ныш­ты мұражайлардың саны он шақты. Олардың әрқайсысында көрер көзге оғаш, адам бойында біртүрлі үрей туғызатын заттар қойылады. Сізге түсі­нікті болуы үшін бірнешеуіне тоқтала кетейік. Италияның мәдени ошақтары­ның ішінде ең шағын әрі өзгелерінен ерекшеленетін мұражай Тозақ деп аталады. Бұл мұражай өз кезінде тозаққа түскен күнәлілерге арашаға түсу үшін ашылған Қасиетті Жүрек деп аталатын шіркеуінде орналасқан. Онда беті тырнал­ған үстел, күйген саусақтардың ізі қалған киім-кешектер секілді көз алдыңа тозақты елестетін заттар қойылған. Келесі қор­қыныш­ты мұражай – Мюттер. Мұнда адам­ның бас сүйектері, анатомиялық үлгілер қойылған. Бұларың ішіндегі ең қорқыныштысы – маңдайын­да мүйізі бар әйелдің мүсіні және ұзындығы 12,5 сан­ти­метрлік адам ішегі. Қорқынышты мұра­жайлардың енді бірі – Мадам Тюссо. Бұл мұражай атақты адамдарға арналған. Ма­дам Тюссо өзі­нің коллекциясын Француз революциясы кезінде жинай бастаған екен. Револю­цияның құрбаны болып, басы шабылған адамдардың басынан түрлі фигуралар жасауды әдетке айналдырған Тюссо, сөйтіп, тарихтағы ең қорқынышты мұра­жайлардың бірін ашты. Тағы бір мұра­жай – криминалды антропологияға арнал­­ған Ломброзо. Мұнда түрлі қыл­мыс сурет­тері мен қарулары қойылған. Лондондағы жерасты түрмесі де кейіннен мұражайға айналған. Бұл жерде Орта ғасырда адам­дар­ды қинауға арналған түрлі құрылғы­лардың үлкен коллекциясы жинақталған. Ал Нью йвон мұража­йын­д­а ескі қуыр­шақтар мен түрі адам шо­шырлық жасанды мүсіндер орналасты­рыл­ған.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста