Әлемдегі ең ірі мегаполистерді қай елдерден кездестіруге болады?
Оның халқының саны қанша және аумағы қандай?
Жанна НҰРЫМҚЫЗЫ, Талдықорған
XIX-XX ғасырларда ірі қалалардың орталықсыздандыру идеясы бойынша ағылшын социологы Эбенезир Говард дербес өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы және инфрақұрылымы бар серік-қалалар салу мәселесін көтерген болатын. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін ірі шаһарлар маңында алып агломерациялар пайда болды. Қазіргі кезде бүкіл Жапонияның 1/10, ал халқының 1/3 тұратын, Токиодан Осакаға дейін 700 шақырымға созылып жатқан «Үлкен Токио» мегаполисі әлемдегі ең алып қала құрылысы саналады. Аумағы 70 мың шаршы шақырым, маңайында 60 миллионнан астам тұрғыны Токайдо мегаполисіне 8 префектура мен 87 қала кіреді.
Еуропадағы аумағы 11 мың шаршы шақырымды, халқы 13 млн адамды құрайтын «Үлкен Лондон» мегаполисінде 34 серік-қала бар. «Үлкен Париждің» де аумағы 12 мың шаршы шақырымға, ал тұрғыны 12 млн адамға жетеді. Одан кейінгі орындарда Рейн-Рур конгломераты (аумағы 7110 шаршы шақырым, халқы 10-11 млн), «Үлкен Нью-Йорк» (7272 шаршы шақырым, халқы 18,7 млн), «Үлкен Лос-Анджелес» (аумағы 88 мың шаршы шақырым, халқы 17 млн) агломерациялары түзілген. Құрамына 50-ден астам қала енетін, аумағы 13 мың шаршы шақырым, халқы 14 млн адамдық Мәскеу агломерациясы жыл сайын ұлғайып бара жатыр.
Ең ірі мегаполистер қайда бар?
Последние статьи автора