Ең ірі этностар қандай?
Менің білгім келетіні, әлемдегі ең ірі этностарға кімдер жатады және олардың саны қанша?
Саржан, Тараз
Адамдарды тіліне, шығу тегіне, қалыптасу территориясына, тұрмыстық және мәдениетіне қарай сұрыпталған этностардың әлемдік картасын қарастыратын болсақ, төмендегідей көрсеткіштерге куә боламыз.
Әлемдегі ең ірі этнос өкілі Қытайда орналасқан, ханзулардың жалпы саны 1170 миллионды құрайды. Екінші орында – 265 миллиондық хиндустар, үшінші сатыда – 225 миллиондық бенгалдар, төртінші орында 175 миллиондық бразилиялықтар бар. Алғашқы ондыққа орыстар (150 млн), жапондар (130 млн), пенджабтар (Пәкістанның негізгі тұрғындары, 115 млн), мексикалықтар (115 млн) және саны 100 миллионнан асатын бихарлар кіреді.
Жалпы айтқанда, әлемде 2200-2400-дей этнос өкілдері бар деп есептеледі.