Шетелдерде ондаған әскери базасын орналастырған АҚШ-тың бағынышты территориялары туралы көп айтылмайды. Әлемдегі ең демократияшыл АҚШ-тың шын мәнінде отарлары бар ма?
Қуантай Алтынбеков, Қарағанды
АҚШ-тың 50 штаттан және астанасы Вашингтон орналасқан Колумбия федералды округінен тұратыны мәлім. Ең үлкен штаты – Аляска, ең кішкентай штаты – Род Айленд. Дегенмен саяси картадағы кейбір территориялар АҚШ-қа бағынышты болып есептеледі. Мәселен, атап айтқанда, америкалық Самоа, Гуам, Навасса, аралдары, Кіші Тынық мұхит аралдары, яғни оған Бэйкер, Джервис, Хоулэнд аралы, Джонстон атолы, Кингман Риф, Мидуэй, Уэйк аралдары кіреді. Сонымен қатар Солтүстік Мариан аралы, Пальмира атолы, Пуэрто-Рико, Виргин аралдары АҚШ-қа бағынышты болып саналады. Айтпақшы, АҚШ-тың Ирак пен Ауғанстанға әскер кіргізуімен бұл елдер де-факто Сэм ағай еліне тәуелді болып қалғанын сарапшылар айтып жүр.