Сәбиді емізгеннен кейін оны етпетінен жатқызуға бола ма? Кейбір келіншектер баласын қоректендіргеннен кейін солай жатқызады.
Гүлмира ЕРКІНБАЕВА, Алматы қаласы
Сәбиді емізгеннен кейін оны шалқасынан жатқызудың да, етпетінен жатқызудың да зияны жоқ. Әсіресе сүтке тойған баланы етпетінен жатқызу пайдалырақ екен. Бұл қалып бүлдіршінді артық салмақ жинаудан қорғайды. Соңғы кездері сәбилердің тым іріленіп кетуі белең алып отырғаны белгілі. Сондықтан дәрігерлер емшек емген нәрестенің мойын және арқа бұлшық еттерінің нығаюы керектігін айтады. Тойған сәбидің етпетінен жатуы бұлшық еттердің дамуына ықпал етеді. Сондай-ақ бала қорегінің бойға таралуы реттеледі. Сәби дұрыс еңбектеп, дұрыс отыра алатын, дұрыс домалай алатын болады. Ең бастысы, мұндай әдістен соң бала семіріп кетпейді.
Емшек берген соң баланы етпетінен жатқызған дұрыс па?
Последние статьи автора