Ежелгі ерлік дастандарында айтылатын батырларымыздың сәйгүліктерінің аты туралы білмейтініміз түрлі сөзжұмбақтарды шешу кезінде қиындық тудырады, солардың бір парасы туралы жазсаңыздар.
Елдана МҰСАХАНОВА, Алматы облысы
«Ер қанаты – ат» дегендей, батырлардың жастайынан мергеншілік пен атқа шабуды меңгеріп, сынақтан сүрінбей өтетіні, бабы келіп бапталған аттардың ертеде батырлардың жаугершілік заманда серігі болғаны, сәйгүлік аттардың олардың өмірінде елеулі орын алғаны тарихтан да, лиро-эпостық жырлардан да белгілі. Мысалы, Құртқа Тайбурылдың бапталуында әлі де 43 күндік кемдік бар екенін, Қобыландының қиыншылыққа ұшырайтынын ескерткенін эпостық жырдан білеміз. Сәйгүліктерді балаша мәпелеп баптаған және оларға ат қойған. Мысалы, Қабанбайдың арғымағы Қубас деп аталады, Ер Жәнібектің аты – Көк дөнен, Райымбек батырдың аты – Көкойнақ, Малғабылдың аты – Қара қасқа, Ертөстіктікі – Шалқұйрық, Кендебайдікі – Керқұла, Қобыландынікі – Тайбурыл, Алпамыстікі – Байшұбар, Ер Тарғындікі – Тарлан, Қамбардікі – Қара қасқа, Көрұғлынікі – Ғырата, Қарлығаның арғымағы Ақмоншақ деп аталуы – осының айғағы.
Елін қорғаған ерлер арғымақтарына да ат қойған
Последние статьи автора