Елімізге әкелінетін автокөліктерге қандай экологиялық талаптар қойылып отыр?
Бағдат, Жамбыл облысы, Шу қаласы
Ел Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы №1372 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын автокөлік құралдарының зиянды (ластаушы) заттар шығарындыларына қойылатын талаптар» техникалық регламентіне сәйкес, республика аумағында 2011 жылғы 1 шілдеден бастап 3-экологиялық кезеңге (Еurо-3) сәйкес зиянды заттар шығарындылары бойынша автокөлік құралдарына қойылатын талаптар енгізіледі. Осы күннен бастап қойылған талаптарға сәйкес келмейтін автокөлік құралдарын әкелуге және өндіруге тыйым салынатын болады. Бұл ретте, еліміздің аумағында қазірдің өзінде пайдаланылып жүрген автомобильдер стандарт талаптарына кірмейді, сондықтан толық істен шыққанға дейін пайдаланылатын болады.
Автомобильдердің Еurо-3 талаптарына сәйкестігін растау келесі тәртіпте жүзеге асырылады:
1) бұрын пайдалануда болған көліктер үшін – төменде көрсетілген кесте бойынша, шығарылған жылы мен өндіруші еліне қарай;
2) төменде көрсетілген кестеде автомобильдердің шығарылған елі көрсетілмеген жағдайда – лабораториялық сынақтар нәтижелері бойынша.
Елімізге Еurо-3 экологиялық стандарты 1 шілдеден бастап енеді
Последние статьи автора