Еліміздің әскери-сынақ алаңдары қауіпсіздікке қызмет етеді

Қазақстанда қандай әскери полигондар бар?
Тілеукен, Шығыс Қазақстан облысы
Еліміздің аумағында бірнеше ірі әс­кери-сынақ алаңдары бар. Олардың бәрі де кеңестік кезден қалған жүйемен, Қазақ­стан мен Ресей Федерациясының Қарулы Күштерінің мүддесінде жұмыс істейді.
1. Семей полигоны (кеңестік ресми атауы – №2 Мемлекеттік орталық сынақ алаңы). Жалпы алаңы 18500 шаршы шақырым, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Қарағанды облысының жерлерінде орналасқан, Семейден 130 шақырым, Ертістің сол жағалауында жатыр, қазір жабылған (1991 ж). Негізі, елімізде ядролық сынақтардан зардап шеккен алаңдардың жалпы аумағы 304 000 шаршы шақырымды құрайды.
2. Ембі сынақ алаңы (Ресей Феде­рациясының 11-Мемлекеттік ғылыми-зерт­теу Эмба сынақ алаңы) Ақтөбе облы­сының аумағында орналасқан, жал­пы көлемі – 2,9 млн гектар. 1960 жылы іске қосылған сынақ алаңында кеңестің, кейін­нен РФ Құрлықтағы әскерінің Әуеге қарсы қорғаныс құралдары сыналып келеді («Оса-АК», ПЗРК «Игла», ЗРПК «Тунгуска», ЗРК «Тор-М1», С-300).
3. Байқоңыр ғарыш айлағы 2009 жыл­ға дейін Ресей әскеріне қызмет етіп келді. Мұнда баллистикалық ракеталар мен олардың қозғалтқыштары сыналды, қазір Ресейлік РКК «Энергия», ЦСКБ-Прогресс, Хруничев атындағы ғарыштық кәсіпорын, «Южный» ғарыштық орталығы тәрізді ғылыми-өндірістік кешендер орналасқан.
4. Капустин Яр әскери сынақ алаңы негізінен Ресейдің Астрахань облысында орналасқанымен, Қазақстанның Атырау және Батыс Қазақстан облыстарының да жерлерін алып жатыр, жалпы аумағы 0,40 млн гектар. 1950-жылдардан бері мұнда 11 ядролық жарылыс жасалып, 24 мың зымыран жарылды, 619 РСД-10 зымы­рандары жойылды.
5. ГЛИЦ (929-Мемлекеттік Ұшу-сынақ орталығы) кешені де Ресейдің Астрахань облысында орналасқан, бізде Торғай, Сүйіндік, Теректі және Атырауда бөлім­шелері бар. Әскери-әуе күштері мен Әс­кери-теңіз флотының авиациялық техника­ларын сынақтан өткізеді.
6. Сары-Шаған (№10 Мемлекеттік ғылыми-зерттеу және сынақ полигоны) әскери сынақ алаңы. Еуразия құрлығын­дағы зымыранға қарсы қаруды сынайтын жалғыз полигон. Балқаш көлінің баты­сында, Қарағанды және Жамбыл облыс­тарының жерінде орналасқан, жалпы алаңы – 81 200 шаршы шақырым. Мұнда 1 класты «Камбала» аэродромы мен бір­неше ұшу-қону жолақтары бар. Сынақ алаңында Кеңес Одағы мен Ресейдің құрлықаралық баллистикалық зымыран­дарға қарсы бар­лық Стратегиялық қару-жарақтары сы­налды.
7. Осы сынақ алаңының құрамында дербес нысан ретінде Жоғары қуатты ла­зерлік қаруды сынақтан өткізетін кешен орналасқан. Мұнда «Терра» және «Омега» бағдарламасы бойынша жұмыс­тар ат­қарылды. «Терра» зымыранға қарсы қор­ғаныс жүйесіне арналған өте жоғары қуатты лазерлік қаруды сынақтан өткізді (1965 жылдан ). «Омега» әуеден қорғану жүйесіне арналған қуатты лазерлік қондырғыларды сынады (1964 жылдан бастап). Осы жұмыстардың негізінде қазіргі заманғы 5Р76 эксперименталды лазерлік кешендер дүниеге келді. Бұл қон­дырғылар қазір ғарыштық орбитадағы жерсеріктерге де қарсы қолданыла ала­ды.
8. Ашулук – Ресейлік сынақ алаңы (Әуе қорғанысы әскерінің №42 Оқу Әскери дайындық орталығы). 20 650 гек­тары Қа­зақстан жерінде орналасқан. Зенитті-зымырандық кешендер сы­налады.
Еліміздің жерінде орналасқан барлық сынақ алаңдары Ресей Федерациясына ақылы түрде жалға берілген. 1998 жылғы мемлекетаралық келісімдер бойынша пайдаланушы жақ бұл жерлерді өзге субъектілерге (мемлекеттерге) субарендаға бере алмайды. Жұмысы аяқталған сынақ алаңдары қайта өңделіп, залалсыз­дан­дырылып, халық шаруашылығына жа­рамды қалпында қайтарылуы тиіс.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста