Біздің еліміздегі шығыс ас мәзірін ұсынатын мейрамханаларда тасбақа сорпасы әзірлене ме? Қазіргі таңда бұл әлемдік асханалардағы ең құнды әрі ең жеңсік ас саналады ғой...
Мейрамгүл Сейітбекова, Ақтөбе қаласы
Тасбақа сорпасы Қазақстандағы қоғамдық тамақтану орындарында әзірленбейді. Иттің, мысықтың, жергілікті халықтың ас мәзіріне енбейтін басқа да жануарлардың еті тәрізді тасбақа етін қолдануға да этикалық және санитарлық-эпидемиологиялық талаптар тұрғысынан тыйым салынған. Оның үстіне, тасбақа саны азайып бара жатқан тіршілік иесі. Олардың көптеген түрі құрып кетудің аз-ақ алдында тұр. Ресейде тасбақа сорпасынан алынған дәм сиыр, тауық еті өнімдерінің кейбірінің құрамына қосылады. Ал қытай, жапон және оңтүстік-шығыс азиялық басқа да халықтардың асханасында тасбақа сорпасы – жеңсік ас. Қоңыр түсті қою сорпадан шөптің дәмі шығады. Көбіне оған картоп крахмалы араластырылады. Шығыс медицинасы бойынша бұл астың емдік қасиеті бар.
Елімізде тасбақа сорпасын әзірлейтіндер бар ма?
Последние статьи автора