Алда көктем келе жатыр. Көктем шыға сала еліміздегі плотина-дамбалардың жағдайына алаңдайтын болдық. Жалпы елімізде қанша плотина бар, оларды қандай орган бақылауға алады?
Сәкен, Алматы облысы
Негізі елімізде орналасқан плотина-дамбыларды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі мен Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті бақылайды. Бұл төңіректе біз ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне хабарласқанымызда, олар: «Біз бұл туралы ақпарат бере алмаймыз. Өйткені бұл мемлекеттік құпия болып табылады» деді. Берілген жауапқа қанағаттанбай, Ауыл шаруашылық министрлігінің су ресурстары комитетіне де хабарластық. Ондағылар: «Еліміздегі барлық плотиналар стратегиялық обектілерге жатады. Олардың қай жерде, қалай орналасқанын айтуға болмайды. Себебі, мемлекеттік құпия болып табылады» – деді. Бір қызығы, Қазақстандағы «мемлекеттік құпия» болып саналатын обектілердің тізімін сонау мұхиттың арғы жағындағы Біріккен ұлттар ұйымының таратқан мәліметтерінен таптық. Біріккен ұлттар ұйымының мәліметтеріне сенсек, елімізде ірі саналатын 61 плотина-дамбы бар екен.