Елімізде қанша планетарий бар?

Елімізде қанша планетарий бар?

Оқушыларға аспан мен жұлдыздар әлемі жайлы бейнелі түрде мағлұмат беретін планетарийлер елімізде қанша?
Жадыра Медетова,
Астана қаласы
Планетарий – аспан қабаты, жұл­дыздар, ғаламшарлар, Жер се­ріктері, кометалар мен мете­о­рит­тер, Күн мен Ай тұты­лу­лары, басқа да астрономиялық ны­сан­дар мен құбылыстарды көп­ші­лік­тің тамашалауына ұсы­натын ғылыми-ағарту мекемесі. Қазақ­стан­да тұңғыш әрі жал­ғыз ста­цио­нарлы планетарий Ақ­төбеде орналасқан. 1967 жылы ашыл­ған ғимараттың басты артық­шы­лығы – жұлдызды ас­панды түп-түгел көз алдына әкелетін «Планетарий» атты жаб­дық. 60-жылдардың со­ңын­да оны өңірде еңбек етіп жүрген неміс жұмыс­шы­лары сыйға тартқан. Керемет жабдық алғашқыда кәдеге жа­рай қой­май, қоймада жатып қа­ла­ды. Бірақ кейін аппараттың сырын түсінген басшылар Ақтө­бе­де стационарлы планетарий ғи­маратын салуды ұйғарады. Бү­г­інде бұл нысан Еуразиялық планетарийлер достастығы құрамына енеді. Жергілікті ас­тро­номдар Пулков обсер­ва­то­рия­сымен, Мәскеу плане­та­рийімен және Алматы астро­фи­зи­ка институтымен 40 жыл­дан бері тығыз байланыста. Ай­та кетейік, қазір еліміздің бас­қа ай­мақтарында мобильді плане­та­рийлер де ашылып жатыр. Мәселен, жақында ғана Қос­та­най­да осындай орталық пайда болды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста