Елімізде қанша этномәдени бірлестік бар?
Елімізде өзге ұлт өкілдерінің мәдениеті мен тіліне қолдау көрсетіліп келе жатқаны белгілі. Өзге ұлт өкілдерінің қанша этномәдени бірлестігі жұмыс істейді?
Айдар, Талдықорған
Елімізде 108 мектепте 22 этностың тілі жеке пән ретінде оқытылады. 88 мектепте өзбек, тәжік, ұйғыр және украин тілдерінде сабақ жүргізіледі. Республикада 30 этностың тілін үйрететін 190 лингвистикалық орталық жұмыс істейді. Орыс тілінде 900 баспасөз құралы тарап отыр. 15 этностың тілінде 35 баспа басылымдары шығады. Еліміздің телеарналарында 11 тілде хабар таратылады. 14 орыс және өзбек театры, сондай-ақ кеңестік кезеңнен кейінгі кеңістіктегі бірден-бір ұйғыр, кәріс және неміс театрлары жұмыс істейді. Бүгінгі таңда еліміздің барлық өңірлерінде 820 этномәдени бірлестік ойдағыдай жұмыс істеуде. Олар үшін Астанада Бейбітшілік және келісім сарайы, 10 облыстың орталығында Достық үйлері салынды.