Еліміз Дүниежүзілік кеден ұйымына қашан кірді?
Дүниежүзілік кеден ұйымы деген қандай ұйым? Бұл ұйымға еліміз қашан кірді?
Жандарбек, Алматы
Дүниежүзілік кеден ұйымы – халықаралық ұйым, 1950 жылы Брюссельде (Бельгия) Кедендік кеңестер достастығы ретінде құрылған, қазіргі атауымен 1994 жылдан аталады. Дүниежүзілік кеден ұйымының заңды негiзi – бұл 1950 жылдың 15 желтоқсанында қабылданған мынадай үш тұжырымдамадан тұрады: Кедендiк ынтымақтастық кеңесiн құру жөнiндегi тұжырымдама; Кедендiк мақсатта тауарларды классификациялауға арналған номенклатура жөнiндегi тұжырымдама; Кедендiк мақсатта тауарды бағалау жөнiндегi тұжырымдама. Штаб пәтері: Брюссель, Бельгия. Ұйым түрі: мемлекетаралық. Мүше елдер: 177 customs administrations. Ресми тілдері: Ағылшын және Француз Дүниежүзілік кеден ұйымының Бас хатшылығы кедендік мәселелердің барлық проблемаларына көңіл қойып, оның технология, әсіресе экономика проблемаларын шешіп отырады, құжаттар жобасын жасайды, ұсыныстар дайындайды, кеден заңдарының біркелкі, бірыңғай болуын қадағалайды. Қазақстан Дүниежүзілік кеден ұйымына 1993 жылдың 5 қарашасынан берi қызмет етуге қатысуда және оның ресми мүшесi болып табылады. Қазақстанның кеден қызметкерлерін даярлау ісіне, республика кеден органдарын технология жағынан қайта жабдықтауға көмектесті.