Электронды қол қою рәсімі заңды ма?
Жуырда құжаттарға электронды қол қоюға болатыны жайлы ақпарат таратылды. Жалпы, бұл заңды ма? Электронды түрде қолтаңба беру, құжаттарға қол қою біздің елімізде заңға сәйкес пе?
Нұрбек ӘЛІМЖАНОВ, студент
Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің мәліметінше, жуырда барлық қазақстандықтар электронды түрде қолтаңба қалдыруға немесе құжаттарға қол қоюға мүмкіндік алмақ. Бұл, әрине, ғаламтордың көмегімен жүзеге асады. Байланыс және ақпарат министрлігі электронды қолтаңба алу шарасын ендігі бастап та кеткендерін мәлімдеді. Қазір электронды қолтаңбаларын беруге белгілі эстрада жұлдыздары мен қоғам қайраткерлері белсене араласуда. Электронды қолтаңба беру шарасы небәрі бес минутқа созылады. Бұл ретте министр Асқар Жұмағалиев «өз уақытын үнемдеген кез келген азаматтың ғаламторлық қолтаңбасы болуы қажет» дейді. Сондай-ақ ол «бұл технология мемлекеттік органдардағы жемқорлықты азайтуға септігін тигізеді» деген сенімде. Осыған қатысты аталмыш министрліктің өкілдері «біздің порталымыз жемқорлыққа жол бермейді. Сіздерге де белгілі уақытыңызды үнемдейтін механизм болады» дегенді алға тартады.