«Электронды демократияның» мәні не?
Қазіргі кезде «электронды демократия» деген түсінік жиі кездеседі. Электронды үкімет құрған мемлекеттерде электронды демократия орнады деп айтуға бола ма?
Гүлнар ШӘКІРТХАНҚЫЗЫ, Атырау
Бұл термин кейінгі уақытта кеңінен зерттелуде. Осы тақырыпқа байланысты зерттеу жүргізіп, мақала жазып жүрген шетелдік ғалымдардың бірі Стифен Клифтің мына бір сөзі сіздің сұрағыңызға жауап бола алады деп ойлаймыз. Ғалым өз сөзінде ««электронды демократия» мен «электронды үкімет» түсінігі – бір-біріне қатысы жоқ екітүрлі ұғымдар. «Электронды үкімет» кез келген уақытта кез келген жерден билікпен байланысқа түсуге мүмкіндік берсе, «электронды демократия» – әрбір азаматты ақпараттық технологиямен қамтамасыз ету. Яғни елдің кез келген тұрғынына ақпараттық технологиялар қолжетімді болуы шарт», – деп түсіндіреді. Электронды демократия кезінде мемлекетте ақпараттық-коммуникациялық технологиялар кең таралады. Кейбір ғалымдар бұл түсінікті «желілік демократия» деп те атап жүр.