Жылжымайтын мүлік туралы анықтаманың электронды түрін жылдам алуға болады деп естідім.
Жәния Досаева, Қызылорда
Шынында да, қазір Әділет министрлігі жылжымайтын мүлік туралы электронды анықтаманы алуға мүмкіндік беретін жаңа қызметті енгізді. 17 мамырдан бастап мұндай анықтамалар электронды форматта барлық облыс орталықтарында, Алматы мен Астанада беріле бастады. Анықтаманы алудың негізгі екі түрі бар. Бірі – Халыққа қызмет көрсету орталығына барып, сол жерде орталық операторы сіз үшін интернеттен тауып, қағазға шығарып береді. Не болмаса, өзіңіз электронды үкіметтің egof.kz сайтына кіріп алуыңызға болады. Ол үшін өз мәліметіңізді енгізесіз.
Бұрын мұндай анықтама қағаз түрінде үш күннің ішінде берілетін. Енді ХҚО-ға барсаңыз, көп дегенде 30 минуттың ішінде, ал өзіңіз әп-сәтте қол жеткізе аласыз.