Электромобильдің тарихы 180 жылға жуық
Қазір дүниежүзінің дамыған елдері электромобиль деп аталатын көлік түрін қолдана бастады. Осы көлікке деген қызығушылығым ерекше. Мұндай қозғалыс құралдарын ең алғаш қай ел жасап шығарды екен?
Марат Берікбол, Сарқанд қаласы
Оныңыз рас, дамыған елдер, соның ішінде Франция мен Ұлыбритания электромобильдің танымал болуына мемлекеттік деңгейде мән берді.
Оның себебі электромобильдің тиімділігімен қатар, тарихына да қатысты болса керек.
Ең алғашқы электромобиль жайында түрлі тұжырымдар бар. ХІХ ғасырда бұл бағытта осындай модельдер жасауға деген талпыныстар көп болған. 1828-1839 жылдардың аралығында шотландиялық Роберт Андерсон электрлік тіркеме жасап шығарды.
Неғұрлым жетілдірілген түрін Роберт Андерсонмен қатар, 1842 жылы америкалық Томас Давенпорт та ойлап тапты. Бұл қозғалыс құралдарының ерекшелігі сол – қайта зарядталмайтын электрлік ұяшық тәжірибеде алғаш рет қолданылды.
Мұнан кейінгі қадамдар аккумулятор батареяларын зарядтамай-ақ, ұзақ қашықтықты бағындыру мақсатында аккумулятор батареяларын жақсарту тұрғысында болды. Бұл ретте француздар Гастон Платье мен Камиль Форенің еңбегін атап өту керек. XIX ғасырдың 80-жылдары Ральф Уорд Лондонда қазіргі автобустардың атасы саналатын электрлі омнибустар қозғалысының желісін іске қосты.
XX ғасырдың алғашқы ширегінде булы машиналар электромобилі кеңінен қолданысқа енді. Мәселен, 1910 жылдарда Нью-Йоркте 70 мыңға дейін электромобильді такси қызмет көрсеткен екен.