Елебеков есімі қашан берілді?

Елебеков есімі қашан берілді?

Эстрада-цирк колледжіне Жүсіпбек Елебеков есімі қашан берілді? Жалпы, колледж қашан құрылған?
Нәзира Сайлауова,
Алматы қаласы
Ж. Елебеков атындағы Республикалық эстрада-цирк колледжі 1965 жылы Алматыда «Қазақконцерттің» жанынан құрылған. Оқу орнын ұйымдастыруға тікелей мұрындық бол­ған қазақ өнерінің жанашыры Г. Ғалиева еді. Алғашқы кезде тек эстрада және цирк өнері студиясы деп аталды. Ал оқу орнында өмірінің соңына дейін осында ұстаздық қызмет жасаған әнші Жүсіпбек Елебеков есімі оқу орнына 1967 жылы берілді. Ол кезде әлі колледж емес, эстрада және цирк өнері студиясы еді. Тек 1995 жылы Ж. Елебеков атындағы Алматы эстрада-цирк өнері колледжі болып, кейін республикалық мәртебеге ие болды.
Эстрада және цирк өнері әртістерін даярлайтын өнер ордасы түлектерінің ара­сынан Жәнібек Кәрменов, Қайрат Байбосынов, Нағима Есқалиева, Сәуле Жанпейісова, Бағдат Сәмединова, Айжан Нұрмағамбетова, Бал­та­бек пен Раиса Жұмағұловтар сияқты көптеген қазақ өнерінің белгілі өнер майталмандары шық­ты.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста