Елдің әкімшілік-аумақтық бірліктері қалай анықталады?

Қазақстанның әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы қандай? Аймақ, елді мекен ұғымдары қалай анықталады?
Жұлдыз,
Талғар
Қазақстан Республикасы әкiмшiлiк-аумақтық құрылысының жүйесiне мынадай әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер кiредi: ауыл (село), поселке, ауылдық (селолық) округ, қаладағы аудан, қала, аудан, облыс. Қа­зақстан Республикасы аумағының республи­калық және жергiлiктi мүдделерiн қолайлы ұштастыру негiзiнде мемлекеттiк басқаруды жүзеге асыру негiзгi екi категорияға – аймақтарға және елдi мекендерге бөлiнедi. Аймақ – республиканың бiрнеше елдi мекендерi енгiзiлетiн, оның мүддесi үшiн құрылатын және басқарылатын республика аумағының бiр бөлiгi. Республикалық әкiм­шi­лiк-аумақтық құрылыстың негiзгi буында­ры ретiнде облыс, аудан және ауылдық (селолық) округ аймақтар болып табылады. Елдi мекен – республика аумағының халық жинақы орналасқан, кемiнде 50 адамы бар, азаматтардың шаруашылық және басқа қоғамдық қызметi нәтижесiнде қа­лып­тасқан, заңда белгiленген тәртiпте есеп­ке алынған және тiркелген, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар басқаратын бiр бөлiгi. Қазақстан Республикасы аумағындағы елдi мекендер қалалық және селолық елдi мекендерге бөлiнедi. Қалалық елдi мекен­дерге – республикалық, облыстық және аудандық маңыздағы қалалар, сондай-ақ олардың әкімшілік бағынысты­лығының ау­мағындағы поселкелер; село­ларға – олар­дың әкiмшiлiк бағыныстылығына қарамастан қалған барлық елдi мекендер жатады.
Халқының саны 400 мың адамнан аса­тын облыстық маңызы бар қаладағы, рес­публикалық маңызы бар қаладағы, астана­дағы аудан, қаладағы аудан болып та­бы­ла­ды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста