Елдегі индустрияландыру нәтижелері қандай?

Елдегі индустрияландыру нәтижелері қандай?

Еліміздегі Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының нәтижелері қандай? Қанша жаңа өндіріс орындары ашылды?
Алмас Ардақжанов,
Алматы облысы
Индустрияландыру бағдарламасы іске асырыла бастаған 2,5 жылдың ішінде елімізде 443 жаңа өндіріс ашылып, солардың арқасында экономиканың құры­лымы өзгере бастады. Қазақстанда бұрын өндірілмеген жаңа өнімдер шыға­рылуда, Индустрияландыру картасының 443 өндірісі жұмыс істеп жатыр. Жаңа индустрияландыру үрдісі өнеркәсіптің базалық салаларының өсуіне жағдай жасады. Атап айтқанда, машина жасау сала­сында жалпы қосымша құны 169,4 пайызды құрады, өндіріс көлемі 300 млрд теңгеден 500 млрд теңгеге дейін ұлғайды. Ал химия саласында өндіріс көлемі 1/3 өсті, жоғары үлесті өнімдердің экспорты 2010 жылғы деңгейден 2 есеге артты. Құрылыс индустриясында жалпы қосымша құны 160 пайыздан асты, жоға­ры технологиялық өнімдердің экс­порты 58 пайызға артты. Оған қоса, өңдеу өнеркәсібіндегі шикізаттық емес экспорттың үлесі 2015 жылға жоспар­лан­ған көрсеткіштен асып, 70 пайыздан астамды құрап отыр. Индустрияландыру үрдісінің ұлттық экономикаға оң әсер етіп отырғанын айта кету керек. Өңдеу өнер­кәсібінде еңбек өнімділігі 1/3 өсіп отыр. Оған қоса, 300-ден астам инновациялық жоба мемлекеттік қолдауға ие болды – жоғары технологиялар енгізілуде, жаңа материалдар өндірілуде. Жаңа бизнесті ынталандыру индустрияландыру үрдісі­нің сапалық көрсеткіші болып табылады. Елімізде кәсіпкерлікті дамытудың 100 шақты тетігі әзірленген, 1500 кәсіпорын шикізаттық емес экспортты қолдау бағ­дарламасына қатысып отыр. Өңделген өнімдер экспортының көлемі 22 млн доллардан асты.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста