Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстандағы еврейлердің жаппай көшкенін білеміз. Қазір еліміздегі еврей ұлт өкілдерінің саны қанша?
Еркебұлан Сапарбай, Жезқазған
Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Орталық Азия аймағы жарты миллионға жуық еврейді қабылдады. Ал Кеңес одағы ыдыраған тұста олардың жаппай тарихи отанға көшу процесі байқалды. Нәтижесінде сол кездегі 150 мың еврейден қазір Орталық Азия аймағында шамамен 45 мыңдайы ғана қалды. Өзбекстанда қазір 10-12 мыңдай еврей ұлт өкілдері тұрады. Қырғызстанда 1500-ге жуықтайды. Қазақстанда қазір 30 мыңға жуық еврей бар. Оның шамамен 9 мыңдайы Алматы қаласында шоғырланған. Елімізде көптеген еврей орталықтары, қайырымдылық қорлары жұмыс істеп тұр. Олардың арасынан Қазақстан еврейлерінің конгресі мен «Мицва» қауымдастығы белсенді жұмыс істеуде. Еврей ұлттық-мәдени орталықтарының филиалдары Қазақстанның он қаласын қамтиды. Сондай-ақ елімізде бес синагога шіркеуі бар. Қазақстандағы еврейлердің шамамен 17 пайызы қазақша біледі.