Елбасына бата берген кім?

Еліміз Тәуелсіздік алған 1991 жылы тұңғыш Елбасымыз Н.Назарбаевқа бата берген қария шыңғыстаулық, ұлылар мекенінен деп естуші едім. Ол кісінің шығармашылығы жайлы білсем деп едім.
Шалқар ЕСЕНТАЙ,
Петропавл
Шәкір (Мұхаммедшаһкүр) Әбенов (1901-1994) – халық ақыны. Ауыл молдасынан мұсылманша сауат ашқан. Семейдегі «Приходская школода» – үш жыл, ер балалар гимназиясында бір жыл оқыған. Халықтық эпос «Қозы Көрпеш-Баян сұлудың» ізімен поэма жазған. Ол 1937 жылы «Әдебиет май­даны» журналында, «Кейпін батыр» поэмасы «Әдебиет және искусство» журналында басылған. 1939 жылы Сәрсен Аманжоловтың көмегімен Қазақ КСР Ғылым академиясының филиалына халық ауыз әдебиетінің үлгілерін жинаушы корреспондент болып жұмысқа алынады. Осы жылдары Д.Бабатайұлы шығармала­рын, «Тобышақ торы» поэмасын, «Жанақтың Рүстем төреге айтқаны», «Төренің қызымен айтысқаны», «Са­быр­бай мен Байбаланың айтысқаны», Түбек, Байкөкше, Кемпірбай т.б. ақындардың мұрасын ел аузынан жазып алып, Қазақстан ғылыми-зерт­теу орталығына тапсырған. Б.Ерза­кович Шәкірдің айтуымен 20 шақты ән-күйді жазып алған. ҰОС басталған соң, өз еркімен соғысқа аттанып, Брянск түбінде жарақат алып, елге оралады. 1948 жылы саяси қуғындауға ұшырап, Сібірге, Александров абақ­тысына жабылады. 1955 жылы босап, 1961 жылы толықтай ақталады. Ақын­ның «Таңшебер-Жапал», «Тоқтамыс батыр», «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Кейпін батыр» поэмалары бар. 20-дан астам ешкімге ұқсамайтын ерекше ән-күйлері бар. Әндері «Қазақтың 1000 әні» антологиясында жарық көрді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста