Екінші күзетшінің жұмысын қоса атқарғанда жалақы қалай төленеді?

Үш күзетші ауысыммен мектепті күзетеміз. Бір күзетші еңбек демалысына кеткенде  оның орнына қалған екеуміз ауысып жұмыс істейміз. Алайда сол қосымша атқарылған жұмыс үшін бізге ақы төлемей отыр. Есепшінің осы әрекеті заңды ма? 
Серікбай Сейсенбаев,
Оңтүстік Қазақстан облысы
Еңбекті нормалау және еңбекке ақы төлеу бас­қармасының сарапшы маманының мәліметін­ше, Азаматтық  қызметшілерге еңбекақы төлеу жүйесі «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар­дың қызмет­керлеріне, қазыналық кәсіпорындар­дың қызмет­керлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқ­сан­дағы  №1400  қаулысымен   реттеледі.
Қаулының 3-тармағына сәйкес ұйымдар қыз­меткерлерінің лауазымдық жалақылары атқа­ратын лауазымдарының лауазымдар санаттарына жатқызылуына және мамандығы бойынша жұмыс өтіліне, тағайындалған біліктілік разряд­тарына (жұмысшылар үшін) қарай лауазымдық жалақыларын (ставкаларын) есептеу үшін бекі­тілген тиісті коэффициенттерді Қазақстан Рес­пу­б­ликасының Үкіметі белгілеген базалық лауа­зымдық жалақының (БЛЖ) мөлшеріне көбейту жолымен айқындалады.
«Күзетші (вахтер)» (1-разряд. Ауысым бо­йын­ша аға міндеттерін орындау кезінде – 2-ра­з­ряд) кәсібі бойынша тарифтік-біліктілік сипат­тама Бiрыңғай тарифтiк-бiлiктiлiк анықтама­лығының 1-шығарылымында көрсетілген.
Жұмысшылардың лауазымдық жалақыларын (ставкаларын) есептеуге арналған коэффициент­тер Қаулыға 3-қосымшада берілген.
Бүгінгі күнге БЛЖ мөлшері 17 697 теңгені құрайды.
Қаулыға 19-қосымшаға сәйкес мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне түнгі уақытта жұмыс істегені үшін, кешкі сағат 22-ден таңғы сағат 6-ға дейін әр сағат үшін сағаттық ставканың 50% мөлше­рінде қосымша ақы төленеді.
Ауысымдық жұмыс кезiнде қызметкерге бар­лық нақты жұмыс атқарған сағаттарына төлем жүргізіледі.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста