Егеуқұйрыққа қарсы күрес жүргізу қай кезде тиімді?

Мен жеке секторда тұрамын. Соңғы кезде егеуқұйрық көбейіп кетті. Одан қалай құтылуға болады?
Мария ИСАҒҰЛОВА,
Алматы қаласы
Курбанов Ә.М, Кардасинов К.К ҚРДСМ МСЭҚК «Алматы қаласының дезинфекция станциясы»:
– Соңғы жылдары  ал­дын ала залалсыздандыру іс-шараларының сапасы тө­мендеп кету салдарынан қалада егеуқұйрықтар көбейді. Қазіргі кезде қаладағы көпқабатты үй­лер­дің 20 пайызының жертөлелерін кеміргіштер мекен етіп алған. Кеміргіштермен күресудің негізгі әдісі – хи­миялық тәсіл. Дератизациялау үшін Алматы қа­ласында рұқсат етілген роденцинттер пай­да­ла­нылады. Егеуқұйрықтар ылғалды көп қажет етеді. Та­маққа қа­ра­ғанда, судың  жетіспеуінен тез өлетін ес­керген жөн. Сондықтан олармен күресте жемтік ре­тінде тамақ өнімдерімен қатар, суды және сұйық тамақ өнімдерін улап беру керек. Кеміргіштерді қыру үшін ең қолайлы уақыт – қыс мезгілі. Өйткені бұл кезде егеуқұйрықтар үй-жайларға жиналады және қоныс аударып кете алмайды. Ал көктемде де­ритизацияны жүргізу төмен сатыда болады, се­бе­бі тышқандар көктемде тамақ іздеп тарап кетеді.
Кеміргіштер тарататын көптеген зоонозды жұқ­па­лар, оның ішінде бүйрек синдромды қанды қыз­ба, лентоспироз, иерсиниоз, жалған туберкулез, егеу­құйрық тарататын бөртпе сүзегі, оба,  туляремия жә­не басқа да аурулар  мәселені өзекті етіп отыр. Ке­міргіштердің синантропты түрлерінің ең көп та­рал­ған түрі – сұр егеуқұйрық. Сұр егеуқұйрық эпи­ди­миологияның және экологиялық зиян келтіру жағынан жетекші орын алады.
Профлактиялық өңдеуді жүзеге асыра отырып, ба­зарларға және көкөніс қоймаларына өнімді тү­сі­руге дейін өңдеу жұмыстарын жүргізу керек. Ке­мір­гіштермен күресуде улы жемдерді пайдалану ке­рек. Сондай-ақ уланған  жемдерді жиі ауыстырып отыру қажет. Өйткені егеуқұйрық кез келген уға тез бейім­делгіш келеді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста