Біз мемлекеттік мекемеде екі жұмысшы еден жуушы болып жұмыс істейміз. Жоғарғы қабатты жуатын екінші жұмысшыға қарағанда, мен жуатын еден көлемі екі есе көп. Бірақ ақы екеумізге бірдей төленеді. Осы орайда менің білгім келгені, еден жуушыларға ақы төлеу кезінде жуатын алаң көлемі ескерілуі тиіс пе? Еден жуушы жұмысшылардың жалақысы қандай норматив бойынша төленуі керек?
Маржан Мыңбаева, Астана қаласы
Еңбекті нормалау және еңбекақы төлеу басқармасының сарапшы маманының мәліметіне сүйенер болсақ, қазіргі кезде ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 31 желтоқсанындағы № 401-ө бұйрығы қолданыста. Құжат «Әкімшілік және қоғамдық ғимараттарда қызмет көрсетумен айналысатын қызметкерлер санының салааралық үлгі нормативтері» деп аталады. Ол құжатты министрлік веб-сайтының «Өзекті тақырыптар» айдарынан көруге болады.
Еден жуушыларға еңбекақы төлеу кезінде еденнің көлемі де есептелуі қажет.
Еден жуушыларға ақы төлеуде алаң көлемі ескерілуі тиіс пе?
Последние статьи автора