Дзюдоға неше жаста барған дұрыс?

Бес жасар ұлымды дзюдо үйірмесіне бергім келеді. «Қабырғасы қатпаған баланы осы күрес түріне ерте берсем, денсаулығына кері әсерін тигізіп жүрмей ме» деп алаңдаулымын. Қандай ақыл қосасыздар?
Қабдолла Дәулетбайұлы,
Жезқазған

Сізге нақты жауап беру үшін арнайы барып, дзюдошы Асхат Жіт­кеевтей Олим­пиада жүлдегерін тәрбие­леп, бап­тап шығарған ҚР еңбек сіңір­ген жат­тықтырушысы Жексенбай Сала­ма­тов­пен тілдесіп қайтқан едік. Бұл сауал­ға Жексенбай Нұрлыбайұлы:
– Негізі, баланы күрес үйірмелеріне жеті жастан асқаннан кейін ойланбай әкеле берсеңіз болады. Алматы қала­сында бес жасынан бастап қатысып жүр­ген балалар бар. Бірақ жеті жастан ас­қаннан кейін келсе, есі кіріп қалған бала айтқаныңды түсінеді. Бізде темірдей тәртіп қалыптасқан, кешігуге болмайды. Дәйексіз себептерге байланысты жаттығу жұмыстарынан қол үзуге болмайды. Ең бастысы, баланың өзінің жүрек қалауы болуы керек. Ынта жоқ болса, қанша үй­реткеніңмен ештеңе шықпайды. Біз спортшыларға қатаң талап қойып, көп дайындаймыз. Оның бәріне шыдау ке­рек болады. Жалпы, дзюдоның бала денсау­лығына пайдасы болмаса, кері әсері жоқ. Әлемде дзюдомен ай­налысушылар саны алдыңғы қатарда тұр ғой. Бұл – әдемі, пайдасы көп спорт түрі, – деп жауап берді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста