Дүниедегі ең үлкен парламент ғимараты
Парламент ғимараттарының өзінің қайталанбас архитектурасымен ерекшеленетіні мәлім. Осы әлемдегі ең үлкен парламент ғимараты қай елде орналасқан?
Сәбит ЖИЕНТАЕВ, Талдықорған
Румыния астанасы Бухарестегі Парламент сарайы әлемдегі ең үлкен және ең ауыр парламент ғимараты болып есептеледі. Оның алғашқы атауы Халықтар үйі болған, кейін Чаушеску үйі, одан соң Парламент сарайы деп аталды. 1984 жылы Румыния басшысы Николае Чаушескудың жарлығымен құрылысы басталған сарай ғимараты 1989 жылы Н.Чаушеску өлім жазасына кесілген кезде аяқталып үлгерген еді. Бұл сарайды салу үшін Бухарест орталығындағы тарихи ғимараттар бұзылып, тегістеп тасталды. Парламент сарайы ғимаратының өлшемі – 270 те 250 метр, аумағы – 350 000 м2, жалпы сыйымдылығы – 2 550 000 м2, биіктігі – 86 метр. Сарай 12 қабаттан және 1100 бөлмеден тұрады. Парламент сарайының жерасты бөлігінің биіктігі 92 метрге жетеді. Сарай құрылысына Трансильваниядан 1 млн куб/метр мәрмәр жеткізілген, 1409 люстра мен терезе, 3500 тонна хрусталь, 700 мың тонна болат пен қола, 900 мың куб/метр ағаш, 200 мың шаршы метр түкті мата жұмсалған екен.